«ОҢАЙ» картасын енді Қазпошта арқылы толтыруға болады (ФОТО)

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «ОҢАЙ» электрондық билеттендіру жүйесі операторы мен «Қазпочта» АҚ Алматы қаласы мен Алматы облысы бойынша «Қазпочта» АҚ автоматтандырылған бөлімше арқылы «ОҢАЙ» көлік картасын толтыру бойынша қызметті іске қосқанын мәлімдейді.

Бұл туралы «ОҢАЙ» баспасөз қызметі хабарлады.

 «ОҢАЙ» көлік картасын ұстаушылар Алматы облысының 350-ден астам және Алматы қаласы бойынша 90-нан астам пошта бөлімшелерінде теңгерімін толтыра алады. Көлік картасын бөлімше кассасына қолма-қол төлеуге, сондай-ақ  www.post.kz-қа кез келген банктің төлем картасы арқылы аудару тәсілімен толтыруға болады.

 

Жұмыс кестесі мен байланыс деректері көрсетілген «Қазпочта» АҚ бөлімшелерінің мекенжайы  www.post.kz сайтына орналастырылды. Осы қызмет бойынша анықтамалық ақпаратты 1499 нөмірі (ұялы және қалалық телефоннан Қазақстан бойынша тегін) бойынша «Қазпочта» АҚ байланыс орталығынан нақтылауға болады.

Бұдан басқа, «ОҢАЙ» картасын «QIWI» терминалдары, «Касса24» терминалдары,   «КиберПлат»  терминалдары,  PAYPOINT терминалдары,   "Orion Pro" терминалдары;  "QIWI әмиян" көмегімен; қаржы порталдары мен банктер терминалдары,     allpay (ТОО «Allpay») мобильдік төлем жүйесі арқылы, "PROFIT LLP" АЛМАТЫ ЖШС АЛМАТЫ ӨҢІРІ төлем жүйелері,  Quickpay төлем жүйесі, терминалдары, «Төлем экспресс-жүйелер» ЖШС,   "Halva Loyalty" ЖШС,   www.e-kzt.kz (e-kzt.kz КЦМР) - ҚР электрондық төлем жүйесі арқылы толтыруға болады.


 Beeline  абоненттері   2020  қысқа нөміріне СМС хабарлама жіберу және    money.beeline.kz.  төлем сервисі арқылы  төлем теңгерімін толтыра алады.

  «ОҢАЙ»  жол жүру билеттерін  «QIWI» терминалы  және kaspi.kz сайты арқылы толтыруға болады.