Айта кету керек, Алматыда 1 наурыздан бастап «ОҢАЙ» электронды жол жүру билеттері сатыла бастады. Жол жүру билеттерінің 4 түрі бар. Жолаушылар барлық санаттағы азаматтарға арналған, мектеп оқушыларына, студенттерге, зейнеткерлерге арналған жол жүру билеттерін пайдалана алады.
Бірыңғай жол жүру картасының құны 7 200 теңге болса, əлеуметтік жол жүру картасының құны - 2 000 тенге, оқушылардың билеті 1 000 теңге, студенттер үшін жол жүру билеті 3 000 теңге тұрады.
Аталған электронды билеттерді айдың алғашқы 15 күнінде «QIWI» онлайн төлем терминалы арқылы толықтырып, келесі айда да қолдануға болады.
Осы уақыт аралығында құны 174,2 млн теңге болатын 72 198 жол жүру билеті сатылған.