Осы мәселеде хабарласқан мадридтіктерге «Тоттенхэм» президенті Даниэль Леви форвард үшін төленетін сома 222 млн еуродан аз болмауы тиіс екенін жеткізді, деп хабарлайды Eurosport.
Испан радиосы Onda Cero бұл соманы «әлсірету» мақсатында Мадрид «Тоттенхэмге» Гарет Бейл мен жас шабуылшы Борха Майоральды қоса беруі мүмкін екенін айтады. Өйткені «шпорлар» Испания жастар құрамасының шабуылшысына біраздан бері қызығушылық танытып келеді.
Ал соңғы екі маусымда Англияның үздік шабуылшысы атанып жүрген Харри Кейннің Transfermarkt-тегі құны 60 млн еуро төңірегінде. Алайда қазіргі футболда ойыншының нақты трансферлік құнынан гөрі оның танымалдылығы көп рөл ойнайтыны тағы бар.