ҚР АШМ деректері бойынша, осы жылың 11 айында азық-түлік өнімдерін өндіру көлемі 1,7% артып, 1,4 трлн теңгеге жетті.
2018 жылдың қаңтар-қараша айларында 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ұн өндірісі - 2,7%, дәнді дақылдар - 17,8%, маргарин - 6,9%, шұжық өнімдері - 0,6%, өнделген сүт - 8%, қатты ірімшік - 15,1%, өңделген және консервіленген жемістер мен жаңғақтар - 82%, крекер және печенье өндірісінің көлемі 5,1% артты.
«2018 жылдың қаңтар-маусым айларында еңбек өнімділігі $13,3 мың/адамды құрады. Өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты $707,1 млн болды. Бұл өткен кезеңмен салыстырғанда 13% көп», - деді А. Евниев.