«Өңдеуші өнеркәсіпті қолдау шаралары үшін қаржыландыру тетіктері айтарлықтай кеңейтілуде. Сонымен қатар, өңдеу өнеркәсібі субъектілері мөлшеріне қарамастан Ұлттық банк бағдарламасы бойынша айналым қаражатын жеңілдікпен қаржыландыру жоспарлануда. Ұзақмерзімді шарттарды ұлттық даму институттары «тұрақты кепіл» ретінде қабылдайтын болады», - деді министр.
Оның атап өтуінше, өңдеу өнеркәсібі субъектілері «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы бойынша жеңілдетілген несие алады.
«Сонымен қатар экспорттық кредит беріледі. Бірнеше банктің бір қарыз алушыны бірлесіп кредиттеуі үшін банктік синдикатталған кредит беру жоспарлануда», - деді Руслан Дәленов.