Өндірісте қаза болған әйелдің туыстарына сақтандыру компаниясы 3,6 млн.теңгеден астам ақша төледі - ҚР Бас прокуратурасы

None
ТАНА. 22 қыркүйек. ҚазАқпарат - Прокуратура органдарының араласуынан кейін ғана сақтандыру компаниясы өндірісте қаза болған әйелдің туыстарына 3,6 млн. теңгеден астам ақша төледі, деп хабарлады ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі.

«Алматы қаласының прокуратурасы азамат Зиналдың өтінішін тексеру барысында, оның әйелі «Мехсервис-групп» ЖШС-да жұмыс істеп жүрген кезде, осы кәсіпорында қаза болғанын анықтады. Оның кәмелетке толмаған екі баласы қалды», - делінген хабарламада.

«Тексеру барысында мәлім болғандай, «Мехсервис-групп» ЖШС мен «Сая» сақтандыру компаниясы арасында жұмыс берушінің жауапкершілігі бойынша сақтандыру шарты жасалған, оған сәйкес кәсіпорын қызметкеріне бақытсыздық жағдай туындаған кезде сақтандыру компаниясы қаза болған қызметкердің отбасына төлем жасауы міндеттелген. ЖШС сақтандыру ұйымына қайғылы оқиға туралы хабарлама жіберген. Алайда компания төрт айдан астам уақыт бойы сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру мәселесін шешпеген», - деп атап өтеді ведомство.

Сондықтан да прокуратура заңдылықтың бұзылуын жою жөнінде талап қойып, «Мемлекеттік аннуитет компаниясы» өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ-дан 3 654 309 теңгені қайтыс болған әйелдің отбасына төлеу жөнінде ұйғарым шығарды, сақтандыру компаниясы бұл шешімді орындауға мәжбүр болды.