«Қазақстан Республикасының заңы бойынша, әр жұмыс беруші қол астындағы жұмысшылардың бәрін міндетті түрде қайғылы жағдайлардан сақтандыру керек. Бірақ кейбір мекемелер өз жұмысшыларына міндетті сақтандыру жасамайды», - деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.
Оның сөзінше, жұмысшыларын өндірістік жарақаттардан сақтандыру жұмыс берушілердің өздері үшін тиімді.
«Жұмысшыларын өндірістік жарақаттардан сақтандырмаған мекемелердің басшылары Азаматтық кодекстің 938-бабы бойынша еңбек орнында зардап шеккен жұмысшының денсаулығы мен әлеуметтік жағдайына қарай оның емделу шығындары мен әлеуметтік міндеттемелерін мойнына алады. Қандай дәрі-дәрмек керек, оның асырауында адамдар болды ма, осының бәріна керекті қаражатты жұмыс беруші өзі төлейді.
Ал жұмыс беруші жұмысшыларды сақтандырған болса, міндеттемелердің бәрі сақтандыру компанияларына жүктеледі», - деді Төлеген Оспанқұлов.