Т.Жаманқұлов мұндай кейуана, үлкен кісілердің артықшылығы тек жасында ғана емес, олардың ерекше жаратылысында, табиғатында екендігін айтып өтті. «Театр өнерінде, қазақ өнері арқылы өзінің ұлтына, еліне деген шексіз махаббатты осы кісілердің өміріменен, жүріс-тұрысы, болмыс, бітімімен өсе білу керек деп ойлаймын. Хабиба Елебекова - қазақ өнерінің бүкіл тарихын ғана емес, оның бөлек эстетикасын, асылдарын ерекше жүрегінде сақтап келген көне көз кейуана», -деді әртіс.
Сонымен қатар ол апамыздың тағы бірі ерекшелігі - бүгін сахнаға, қасиетті көрермен залына үлкен басын иіп, қолын көкірегіне басып сәлем беруі - өзін ұлы өнерден кіші санауы деп атап өтті. «Өнер - ұлы, оның ұлылығын осындай кейуаналарымыз ылғи да дәріптеп өткен»,- дейді Т.Жаманқұлов