«Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес, ҚР Президентінің 2023 жылға арналған стипендиясын жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары арасында бөлу бекітілсін.
Осы тармақта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін 3 жұмыс күні ішінде Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін. Мәдениет және спорт министрлігі Экономика және қаржы департаменті қосымшада көрсетілген бөлуге сәйкес жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына 1 қаңтардан бастап тиісті қаржы жылына республикалық бюджетте қарастырылған қаражаттар шегінде төлеуді қамтамасыз етсін», - делінген Ашық НҚА порталында жарияланған Мәдениет және спорт минстрлігінің бұйрық-жобасында.
Қосымшада жазылғандай, биылғы оқу жылында мына оқу орындарына Президент стипендиясы бөлінеді:
1. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы – 4 бакалавриат;
2. Қазақ ұлттық өнер университеті – 12 бакалавриат, 1 – магистратура;
3. Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы – 4 бакалавриат;
4. Халықаралық туризм және меймандостық университеті – 4 бакалавриат;
Мәлім болғандай, бакалавриат бойынша білім алатындарға барлығы – 24, ал магистратураға 1 стипендия бөлінеді.
Құжат 11 тамызға дейін көпшілік талқылауда болады.