Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 10,4 пайызға жоғарылады

АСТАНА. 12 қараша. ҚазАқпарат - 2010 жылғы қаңтар-қазанда 2009 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда шикі мұнайды, көмір және лигнитті, табиғи газды, темір кенін өндіру артты.

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Тамақ және мұнайды қайта өңдеу өнімдерінің, тоқыма бұйымдарының, құрылыс материалдарының, химия, металлургия өнеркәсібі және машина жасау өнімдерінің өндірісі жоғарылады. Өндірістің өсуі республиканың 14 өңірінде байқалды. Төмендеуі Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында тіркелді.

2010 жылғы өнеркәсіп өнімдерінің нақты көлемінің индекстері өткен жылғы тиісті кезеңге пайызбен

2010 жылғы қаңтар- қазанда өнімнің жеке түрлерін өндіру

Өндірілгені

Өткен жылғы тиісті кезеңге пайызбен

мұнай, газ конденсатын қосқанда, млн.тонна

65,6

104,2

табиғи газ, млрд.текше м

30,1

103,3

ұн, млн.тонна

3,0

107,3

бензин, млн.тонна

2,5

117,4

цемент, млн.тонна

5,8

116,5

ферроқорытпалар, млн.тонна

1,4

122,8

жазық илек, млн.тонна

2,4

94,5

тазартылған мыс, мың тонна

275,0

103,5

электр энергиясы, млрд.кВт.сағ.

66,7

106,0