Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 10,5 пайызға жоғарылады - статистика

АСТАНА. 10 желтоқсан. ҚазАқпарат - Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 10,5 пайызға жоғарылады,

деп хабарлады ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметінен.

Ведомствоның атап өтуінше, 2010 жылғы қаңтар-қарашада өткен жылдың сәйкес кезеңмен салыстырғанда көмір және лигнитті, шикі мұнайды, табиғи газды, темір кенін өндіру арта түскен. Сондай-ақ азық-түлік, мұнайды қайта өңдеу, құрылыс материалдары, тоқыма бұйымдары, химия, металлургия өнеркәсібі және машина жасау өндірісі де жоғарылаған.

Өндірістің өсуі республиканың 14 өңірінде байқалып отыр. Ал оның төмендеуі Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында тіркелді.