Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 5,8 пайызға жоғарылады

АСТАНА. 11 маусым. ҚазАқпарат - Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 5,8 пайызға жоғарылады,

деп хабарлады ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметінен.

Ведомствоның атап өтуінше, 2011 жылғы қаңтар-мамырда 2010 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда көмір, табиғи газ, шикі мұнай, және металл кендерін өндіру артты. Машина жасау өнімдерінің, құрылыс материалдары, химия және металлургия өнеркәсібі, сусындар және тамақ өнімдерінің өндірісі жоғарылады. Өндірістің өсуі республиканың 14 өңірінде байқалды. Төмендеуі Павлодар және Оңтүстік Қазақстан облыстарында тіркелді.