Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 6 пайызға жоғарылады - Статистика

АСТАНА. 12 сәуір. ҚазАқпарат - Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 6 пайызға жоғарылады,

деп хабарлады ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметінен.

Ведомствоның атап өтуінше, 2011 жылғы қаңтар-наурызда өткен жылдың сәйкес кезеңмен салыстырғанда көмірді, шикі мұнайды, табиғи газды және металл кендерін өндіру артқан. Тамақ өнімдерінің, сусындардың, құрылыс материалдарының, химия, металлургия өнеркәсібі және машина жасау өнімдерінің өндірісі жоғарылаған.

«Өндірістің өсуі республиканың 15 өңірінде байқалды. Төмендеуі Қызылорда облысында тіркелді», - делінген баспасөз хабарламасында.