Өнеркәсіптік даму мемлекеттік басқарудың басты нысанына айналуда

None
АҚТӨБЕ. Мамырдың 26-сы. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - «Ақтөбе облысы бірегей табиғи ресурстар мен пайдалы қазбалар кеніштеріне ие бола отырып, кен-металлургия, химия, мұнай өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығын дамытудың қуатты базасы болып табылады. Біздің өңір – республикамыз ие болып отырған мол ресурстық әлеуеттің бірден-бір көзі», - деп санайды экономика ғылымдарының докторы,
кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бастығы Николай Ювица. ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында Н.Ювица индустрияландыру жөніндегі жоспардың республика бойынша, оның ішінде аймақта жүзеге асырылу барысында орын алып жатқан қиыншылықтар туралы және алда күтіп тұрған келелі мәселелер туралы әңгімелеп берді. - Николай Владимирович, қалай ойлайсыз, экономиканы қарқынды индустрияландыру жөніндегі жоспар сіздердің өңірлеріңіз үшін қаншалықты өзекті? - Индустрияландыруды жандандырудың қажеттілігі ешқандай күмән туғызбайды, ал оның дер кезінде қолға алынуы мемлекеттің тиісті шаралардың саналы қабылдауымен мазмұндалады. Өнеркәсіпте үлкен өзгерістер орын алуда: Индустрия және сауда министрлігіне жаңа министр тағайындалды, Қазақстан Республикасының өнеркәсібі туралы жаңа заңның жобасы талқыланып жатыр. Қабылданып жатқан шаралардың өзін айтпағанда, жергілікті деңгейде «өнеркәсіптік қоғамдардың» белсенділіктері артуда. Біздің геологтарымыз, сарапшыларымыз пайдалы қазбалардың қорлары расталған зерттеулер жүргізудің қажеттілігі туралы ұсыныстар жасауда, кен-руда өнеркәсібінің базасын ірілендіру туралы мәселе көтеріліп жатыр. Облыс әкімі Елеусін Сағындықов айтып отырғандай, біздің облысымыздың әрбір ауданы үшін өнеркәсіптік дамудың жоспары анықталып отыр. «Хромтау-Алтынсарин» теміржол магистралі ашылғаннан бері аймақта өнеркәсіптік дамудың перспективалары пайда болды. Бірғана Әйтеке би ауданында алюминий бокситтері, темір, мыс қорлары, құрылыс материалдары үшін көптеген шикізаттар шоғырланған. Қандыағаш қаласы - өнеркәсіптік көлік торабы, онда мұнай өндіру кеніші де бар, оған жақын маңда мұнайлы Темір ауданы орналасқан. Елбасы белгілеген жеті бағыт өнеркәсіппен қатар, ауыл шаруашылығы да қарқынды дамып келе жатқан біздің облысымызға сай келіп отыр. Бүгінде аталған бағыттар бойынша өңірде қарқынды жұмыстар жүргізілуде. Елбасы өз сөзінде өткен ғасырдың бас кезінде барлық мемлекетте болған индустрияландыру үрдісі туралы емес, инновациялық индустрияландыру туралы айтып отыр. Индустрияландырудың президенттік жоспары өнеркәсіптің жаңаша сапалы деңгейіне ауысуды пайымдайды. Ең алдымен, ол жаңа салаларды, өнеркәсіптік кешендер мен инновациялық өндірістерді құруды қарастырады. Мысалы, жай мұнай өндіріп қоймай, оны өңдеп, әрқайсысын жеке сатқанда бірнеше тонна мұнайдың бағасына өтетін түрлі өнімдер өндіру керек. Немесе мыс өндірісіне тоқталайық. Ақтөбе облысында көлемі жағынан кенді Алтайдың қорымен шамалас мыс рудасының бірегей қоры шоғырланған. Ол кеніштер игерілуде, бірақ келешекте жаңа экономикалық проблемалар туындатуы ықтимал әбден ескірген технологиялар бойынша. Басқа да технологиялар жоқ емес, мысалы 90 пайыз және одан да жоғары мөлшерде мыс алуға мүмкіндік беретін «үйіп шаймалау әдісі», өнімділігі 75-80 пайызды құрайтын қолданыстағы «флотация» технологиясы бар. Бұл технологиялар кеше ойлап табылған жоқ, біз бұл мәселелермен кешенді түрде айналыспай келдік. - Елімізді қарқынды индустрияландыру жолында қандай проблемалар тұр? - Өнеркәсіптік өркендеу тек сөз жүзінде қалып отырған жоқ, оның іспен дәлелденген нәтижелері бар. Бірақ қазақстандық өнеркәсіпті әрі қарай дамыту үшін энергетикалық, көліктік инфрақұрылымдар керек, ал бұл салалардың барлығы біздің әлсіз тұстарымыз. Бұл проблемалар жалпы Қазақстан үшін де, біздің өңіріміз үшін де өзекті. Біздің аймақта өндірістің жаңа салалары, жаңа жобалар бар, бірақ оларды кешенді түрде инновациялық мазмұндау шаралары бес жылға созылуы мүмкін. Индустрияландырудың жолында тұрған негізгі проблемалар - өңдеуші сектор өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігінің төмендігі, қолданыстағы негізгі қорлар мен технологиялардың әбден ескіруі, айналым қаражатының жетіспеушілігі мен төмен пайыздық ставкалы ұзақмерзімдік несиелерге қолдың жетпеуі. Отандық кәсіпорындардың инновациялық белсенділіктерінің деңгейі де заман талабына сай келмейді, инновациялық өнімді нарыққа шығару жөніндегі сервис онша дамымаған немесе мүлдем жоқ. Моношикізаттық тәуелділік әлі де бар, шикізаттық емес салалар инвесторлар үшін тартымсыз, т.б. проблемалар бар. Міне осы жағдайдың барлығын өзгерту, түйінді мәселелерді шешу керек. Осы проблемалар шешіле бастағаннан кейін, ең алдымен, Индустриялық-инновациялық даму стратегиясының бағдарламасына түзетулер енгізген жөн. Бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі ? қолданыстағы базаларды, еңбек ресурстары мен инфрақұрылымдарды ескере отырып, өндіруші күштерді оңтайлы жайғастыру болып табылады. Еңбек ресурстарына деген сұраныс әзірге қатты байқалмайды, бірақ Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы, «30 корпоративтік көшбасшы» бағдарламасы жүзеге асырыла басталғалы бері, биылғы жылдан бастап бұл проблема негізгілердің біріне айналады. Сонымен бірге инфрақұрылымдық және инжинирингілік жағдайлар жасау, оның ішінде тәжірибелік-конструкторлық бюролар мен инжинирингілік ұйымдар, коммерцияландыру кеңселері, технопарктер, т.б. нысандар құру керек. - Елімізде индустрияландыру үдерісін қарқынды және сапалы жүргізу қандай факторларға тәуелді? - Бұл мәселелердің шешімі көптеген сыртқы және ішкі факторларға байланысты. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің жетекші телеарналарына берген сұхбатында айтып өткендей, дағдарыс жағдайында біз әлемдік экономиканың басты екі факторының әсерін қатты сезіндік. Ол - қаржы жүйесі мен өңдеуші өнеркәсіпті дамытудың тікелей шетелдік инвестицияларға тәуелділігі. Осынау факторлардың әсерін еңсеру - мемлекеттік реттеу жүйесінің алдында тұрған міндеттерінің бірі. Сондай-ақ Елбасы «Нұр Отан» партиясының съезінде сөйлеген сөзінде дамудың ішкі факторларына тоқталып өткен болатын. Негізгі идея - жаңа, инновациялық, «саналы» экономика тұрғысынан қазақстандық экономиканы индустрияландыру болып табылады. Қарқынды индустриялық-инновациялық дамытудың іргелі қағидалары Қазақстан экономикасының дағдарыстан кейінгі серпінді дамуының жоспарында анықталған. Ол мақсаттарға қол жеткізудегі маңызды фактор - қоғамдағы саяси және әлеуметтік тұрақтылық болып табылады. Мен оған тағы екі маңызды факторды қосар едім, олар ? ел басшылығының дағдарыстан кейінгі даму идеологиясының болуы және осы идеологияны негізгі қоғамдық күштердің мойындауы. Осылайша, индустрияландыру үрдісінің жедел және сапалы жүргізілуі, ең алдымен, ішкі факторларға байланысты. Атқарушы биліктің өкілі ретінде, индустрияландыру мақсаттарын жүзеге асыруды - кәсіпкерлік пен өнеркәсіпті басқару жұмыстарының басты бағыттарының бірі деп санаймын. Бұл бағыттағы жұмыстар жаңа заманауи өндірістерді құрудың, заманауи технологияларды енгізудің тиімділігін арттырудың, инновациялық инфрақұрылымды дамытудың, облыстың экспорттық әлеуетін әртараптандырудың есебінен экономиканың нақты секторын түрлендіруге негізделіп отыр.