Өнеркәсіптік өнімдерінің нақты көлем индексі 97,7% құрады - ҚР ҰЭМ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Өнеркәсіптік өнімдерінің өндіріс көлемінің өсуі республиканың 9 өңірінде байқалды, деп хабарлады www.pm.kz ҚР Ұлттық экономика министрлігіне сілтеме жасап.

2016 жылғы қаңтар-тамызда 2015 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда табиғи газ және түсті металл кендерінің өндірісі өсті. Тамақ өнімдерінің, фармацевтика, металлургия өнеркәсібі және мұнай өңдеу өнімдерінің өндірісі жоғарылады.

Сонымен бірге, шикі мұнай, көмір және темір кендерінің өндірісі төмендеді. Сусындардың, темекі және автокөлік құралдарын жасау өнімдерінің өндірісі қысқарды.