Өнеркәсіптік өнімнің нақты көлем индексі 100,5 пайызды құрады

АСТАНА. 12 қаңтар. ҚазАқпарат - 2012 жылғы қаңтар-желтоқсанда 2011 жылмен салыстырғанда көмір, табиғи газ және металл кендерін өндіру артты, деп хабарлады ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметінен.

Тамақ өнімдерінің және сусындардың, химия және жеңіл өнеркәсібінің, машина жасау және құрылыс материалдарының өндірісі жоғарылады. Өндірістің өсуі республиканың 13 өңірінде байқалды. Төмендеу Атырау, Қарағанды, Маңғыстау облыстарда тіркелді.