Өнеркәсіп министрлігі тауарларды таңбалау арқылы көлеңкелі экономикамен күреспек

Фото: Дәулет Ізтілеу/Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM — Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі тауарларды таңбалау жүйесін толық енгізу бағытында жұмыс істеп жатыр. Толығырақ аталған ведомствоның өкілі айтып берді. 

— Тауарларды таңбалау — көлеңкелі экономикаға қарсы күрестегі маңызды құрал. Себебі ол тауар қозғалысын бақылауға және олардың заңсыз айналымының алдын алуға мүмкіндік береді. Бұл әдіс жеткізу және өткізу тізбегінің ашықтығын арттыруға ықпал етіп, контрабандалық және контрафактілік өнімдердің заңсыз саудасының тәуекелін төмендетеді, — деді Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Өнеркәсіп комитеті төрағасының орынбасары Мұхамед Андаков елордада өткен жеңіл өнеркәсіп ұлттық бірлестігінің 10 жылдығына арналған ІІ съезінде.

Фото: Дәулет Ізтілеу/Kazinform

Одан әрі министрлік өкілі жеңіл өнеркәсіп саласы қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады.

— Құрметті әріптестер, Өнеркәсіп комитетінің атынан жеңіл өнеркәсіп саласының барлық қызметкері мен ардагерді кәсіби мерекелерімен құттықтаймын! Еліміздің экономикасын дамытуға қосқан үлестеріңіз, адал еңбектеріңіз бен кәсіби шеберліктеріңіз үшін шын жүректен алғыс айтамын, — дейді спикер.

Фото: Дәулет Ізтілеу/Kazinform

Бүгін елордада Қазақстанның жеңіл өнеркәсіп ұлттық бірлестігінің 10 жылдығына орай съезд өтті.

Фото: Дәулет Ізтілеу/Kazinform

Бұған дейін хабарлағанымыздай елімізде жеңіл өнеркәсіпті дамытудың кешенді жоспары әзірленіп жатыр

Айта кетейік, бүгінде отандық жеңіл өнеркәсіп саласында шамамен 28 мың адам еңбек етеді, олардың шамамен 60% — әйел мамандар.