Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің аппарат басшысы тағайындалды

Фото: Фото: ҚР Үкіметі

АСТАНА. KAZINFORM – Айгүл Кенжебаева Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің аппарат басшысы болып тағайындалды.

— Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің бұйрығымен Айгүл Қаржаубайқызы Кенжебаева министрлік аппаратының басшысы лауазымына тағайындалды, — делінген Үкіметтің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Айгүл Кенжебаева 1980 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін, Қарағанды экономикалық университеті және ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясын бітірген. 

Еңбек жолын 2001 жылы жеке компанияда экономист-менеджер болып бастаған.
2003-2004 жылдары ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі Астана қаласы бойынша департаменті бөлімінің жетекші маманының м. а.

2004-2010 жылдары ҚР Индустрия және сауда министрлігінің жетекші маманы, бас маманы, бөлім бастығы, басқарма бастығы.

2010-2014 жылдары ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің басқарма бастығы, департамент директорының орынбасары.

2014-2019 жылдары ҚР Инвестициялар және даму министрлігі департаменті директорының орынбасары, департамент директоры.

2019-2023 жылдары ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі департаментінің директоры.

2023 жылғы қазаннан бастап қазіргі уақытқа дейін Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі департаментінің директоры.

Бұған дейін хабарланғандай, Қостанай облысында жаңа аудан әкімдері тағайындалды.