– Автоматтандырылған мониторинг жүйелері кәсіпорындарды экологиялық жаңғыртуға бағытталады. Нормативтерді бұзған жағдайда кәсіпорындар тартылатын жауапкершілікті белгілейді. Аталған жүйелер қазірдің өзінде 87 нысанда орнатылған (81-і деректерді онлайн форматта береді). Оларды барлығы 115 нысанға енгізу жоспарланған. Сондықтан жұмыс белсенді түрде жалғасады, - деді ол.
Сондай-ақ өңірлерде қалдықтарды басқару саласындағы жобалар жеңілдетілген жолмен қаржыландырылып, жүзеге асып жатыр.
– Бұл бағыт жалпы сомасы 302,6 млрд теңге болатын 64 жобаны қамтиды. Олардың ішінде 26 жобаға 93,8 млрд теңге қарастырылып, қазір іске асырылып жатыр, - деді министр.
Бұдан бөлек ол табиғи ресуртарды ұлттық игілік ретінде пайдалану мәселесіне тоқталды.
– 2035 жылға дейін 2 млрд ағаш егу жоспарда бар. Қазірдің өзінде 1 млн 74 мың гектар аумақта 1 млрд 648,4 млн ағаш отырғызылды. Сонымен қатар жердің тозуының және шөлейттенудің алдын алу үшін бірқатар жұмыс басталады, - деді Е. Нысанбаев.
Сондай-ақ экологиялық мәдениетті арттыру үшін ауқымды ағартушылық іс-шаралар ұйымдастырылады және цифрлық мониторинг одан әрі жетілдіріледі.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Үкімет отырысында Премьер екі аптада рақымшылық жасау тетіктері бойынша ұсыныс әзірлеуді тапсырды.