Бұл туралы аудандық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.
Кездесу барысында мектеп ұстаздары Елбасы Жолдауына байланысты ойларын ортаға салып, жастар Жолдауға қолдау білдіріп, жүзеге асуына атсалысатындығын жеткізді. Сонымен қатар, аудандық жұмыспен қамту орталығының маманы Ә. Есеналиев өз саласы бойынша ақпарат беріп, ауыл жастарына кеңінен түсіндіріп өтті.
Ақпараттық-насихаттық топ жұмысы аудан өнерпаздарының мерекелік концертіне ұласып, ауыл халқына көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.