Енді мұндай шезлонгта жатып, күнге қыздырынып ғана қоймай, гаджеттеріңізге де тоқ жинап аласыз, деп жазады espanarusa.com. Бұл орындықтар күн батареяларымен жарақталып, USB-ге жалғанған. Қазірдің өзінде мұндай орындықтарды Барселонаның Лас Глориас алаңынан кездестіруге болады. Енді өнертабыс иелері бұл орындықтарды саудаға шығарып, қыруар пайдаға кенелуді көздеп отыр, деп хабарлайды 24.kz.