«Ауыл шаруашылығы министрлігі мемлекет меншігіне қайтарылған ауыл шаруашылығы жерлерінің ашық цифрлық картасын жасасын. Оларды бөлу тетігі айқын болуы керек», - деді Әлихан Смайылов.
Үкімет басшысы өңір әкімдеріне тұрғындар тарапынан туындайтын проблемалық мәселелерге уақтылы мониторинг жүргізіп, оларды шешудің нақты алгоритмдерін әзірлеуді тапсырды.
«Менің орынбасарларым Мемлекет басшысының барлық тапсырмаларының орындалуын және Іс-қимыл жоспарының іске асырылуын нақты үйлестіруді және бақылауды ұйымдастырсын», - деді Премьер-Министр.