«Республика бойынша астық сақтауға арналған қамбалардың жалпы сыйымдылығы 29,9 млн тонна. Оның ішінде астық қабылдау кәсіпорындарында – 13,1 млн тонна, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерде – 16,8 млн тонна. Сақтау қуаттылығының көрсетілген көлемі өткен жылдардың ауыспалы қалдықтарын ескере отырып, болжамды егінді сақтау үшін жеткілікті. Облыстар әкімдіктері астық қоймаларының жаңа өнімді қабылдауға дайындығын қамтамасыз етуі қажет», - деп тоқталды Ербол Қарашөкеев.
Еске салайық, биыл 24 млн гектар алқаптан ауыл шаруашылығы дақылдары жиналады. Бүгінде оның 2,4 млн гектарынан өнім алынды.