Өңір әкімдіктері жергілікті маңызы бар 2,3 мың шақырым жолды жөндейді - А.Жұмағалиев
«Бүгінде автожолдардың жергілікті желілерін салу, жөндеу жұмыстарымен тікелей жергілікті әкімдіктер айналысады әрі жергілікті желінің ұзақтығы 76602 шақырымды құрайды. Ағымдағы жылы жөндеу жұмыстарымен 2393 шақырым жол қамтылды. Оның ішінде 172 шақырымы жаңғыртылды, 417 шақырымы күрделі жөндеуден өтті, ал 1804 шақырымына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді», - деді ол.
Министрдің сөзіне қарағанда, бұл шаралар жергілікті автожолдардың жай-күйін 3 пайызға жақсартып, нашар жолдарды 34 пайызға дейін қысқартады.
Естеріңізге сала кетейік, 11 қазанда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев құрылыс саласында жаңа технологиялар енгізу есебінен күрделі шығындарды арзандату әрі сапасын арттыру бойынша жұмыстардың нашарлығын сынаған болатын. Нәтижесінде жаңадан салынған автожолдар пайдалануға берілгеннен кейінгі жылы-ақ қайта жөндеуді қажет етеді. Мемлекет басшысының атап өтуінше, жол сапасы жөніндегі әлемдік рейтингте Қазақстан 144 елдің ішінде 117-ші орында тұр.