Өңір экономикасы өсімінің маңызды плюстерінің бірі Алматының Алатау ауданындағы Индустриялық аймақ болуы қажет - Елбасы

АНА. 12 мамыр. ҚазАқпарат - Өңір экономикасы өсімінің маңызды плюстерінің бірі Алматының Алатау ауданындағы Индустриялық аймақ болуы қажет.

Бұл туралы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Алматының әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған алқалы жиын барысында айтты.

Аталған ауданда 110 өнеркәсіптік және коммуналдық кәсіпорын орналастыру болжанып отырғандығын еске салған Мемлекет басшысы: «Таяу күндері мен Алматы қаласын одан әрі дамыту мақсатында шекарасын кеңейту туралы Жарлыққа қол қойдым. Осыған орай әкімдік қосылған территорияны пайдаланудың егжей-тегжейлі жоспарын жедел әзірлеп, ұсынуы қажет», - деді.