Өңірде 266,2 млн. теңгенің атаулы әлеуметтік көмегі көрсетілді
07:58, 20 Қаңтар 2009
ОРАЛ. Қаңтардың 19-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында өткен жылы 4177 отбасыға немесе 16761 адамға 266,2 млн. теңгенің атаулы әлеуметтік көмегі көрсетілді.
Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасынан ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, өңірде 15 әлеуметтік дүкен 2274 адамға қызмет көрсетеді. Сондай-ақ 75 дүкенге 16692 адам бекітілген. Өткен жылғы тамыздың 1-інен бері азық-түлік бағасының көтерілуіне байланысты аз қамтылғандарға бір АЕК көлемінде ақшалай өтемақы төленуде. Мұндай жәрдем 10982 адамға 49,6 млн. теңге көлемінде берілді. 18 жасқа дейінгі балалары бар аз қамтылған 21094 отбасыға ( 47178 бала ) 524,6 млн. теңге төленді. Тұрғын үй жәрдемақысы көлемі 8081 отбасыға 82,8 млн. теңгені құраса, 788 мүгедек балаға 27,2 млн. теңге материалдық көмек берілді.
Барлық меншік түріндегі кәсіпорын-ұйымдар аз қамтылған 8732 отбасыға 28,9 млн. теңгенің қайырымдылық көмегін көрсетті.