Өңірде арнайы мекемелерде тәрбиеленіп жатқан балаларға бал тегін таратылды
08:35, 08 Сәуір 2010
ОРАЛ. Сәуірдің 8-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - БҚО аумағында арнайы мекемелерде тәрбиеленіп жатқан 600-ге тарта балаға табиғи таза бал тегін таратылды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Облыстық балалар құқығын қорғау департаментінің директоры Әли Мәсәлімовтің айтуынша, бұл - «Бөбек» қорының президенті Сара Назарбаеваның сәлемдемесі. Сырқат немесе соған бейім балаларға тегін бал тарату шарасы елімізде жыл сайын өткізіледі. Биыл да бал толы бөшкелер М.Өтемісұлы атындағы облыстық сауықтыру мектеп-интернатына, №3 «Елочка» балабақшасына, «Ивушка» санаторийіне және облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансеріне жеткізілді.