Өңірде бір жылда 8305 жұмыс орны ашылды - БҚО
Облыс әкімдігінен түскен мәліметке қарағанда, соның ішінде өнеркәсіпте - 510, ауыл шаруашылығында - 987, құрылыс пен коммуналдық шаруашылықта - 1386, саудада - 635, көлік пен байланыста - 200, білім беру мен денсаулық сақтауда - 1556, экономиканың өзге салаларында 851 жұмыс орны ашылып, 2180 адам уақытша және маусымдық жұмыстарға тартылды. Жұмыс орнының тең жартысынан астамы немесе 59,3 пайызы (4924) ауылдық жердің үлесіне тиеді. Бұдан басқа «Жол картасының» инвестициялық бағыттары бойынша 5143 жұмыс орны ашылды.
Барлығы 22755 адам жұмысқа орналастырылса, соның 18493-і жұмыспен қамту органдары арқылы жолданды. Соның ішінде «Жол картасына» сәйкес 3965 адам еңбек орнын тауып, әлеуметтік жұмыс орнымен - 2227, жастар тәжірибесімен 1301 адам қамтылды. Шағын бизнеске 4262 адам орналасты.
Өндірісте кадрларды тұрақтандыру үшін жұмыссыздар үшін 1340 әлеуметтік жұмыс орны ашылды. Ал ақылы қоғамдық жұмыстарға 7609 адам жіберілді, бұл аймақтық бағдарламада көзделгендегіден 11,3 пайызға көп.
Биылғы 1 қаңтарға кедей отбасылар саны 1770-ті құрап, 2010 жылдың 1 қаңтарымен салыстырғанда, 1149 отбасыға қысқарды.