Өңірде биыл жүргізілген жұмыстар алдағы жылы да жалғасады
20:36, 23 Желтоқсан 2009
ОРАЛ. Желтоқсанның 23-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында биыл жүргізілген жұмыстар алдағы жылы да жалғасады. Бұл туралы бүгін Шыңғырлау ауданы активі жиналысында облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов мәлім етті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ауданда биыл біраз шаралар атқарылды. Дегенмен сумен қамту әлі де өткір күйінде. Елді мекендерді газдандыру, қатқыл табанды жол салу істері күн тәртібінен түспек емес.
Облыс басшысы осы күні ашылған «Ел базары» сауда орталығында, сондай-ақ іске қосылғалы отырған Ащысай ауылдық мәдениет үйінде, аудан орталығындағы теміржол бекеті, жылыжай, Қонақай көлі жағасындағы балалар жазғы лагерінде, тұрғын үй, мектептерде болды.