ОРАЛ. 18 қаңтар. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қзақстан облысында 2010 жылы 5053 қылмыс тіркелді, бұл 2009 жылғыдан 7,8 пайызға артық.
Облыстық статистика департаментінен түскен мәліметке қарағанда, барлық тергелген қылмыстар бойынша келтірілген шығын 4766,5 млн. теңгені құрады, мұның 80,2 пайызы экономика саласындағы қылмыстар үлесіне тиеді, 11,9 пайызы - меншікке қарсы жасалған қылмыс еншісінде.
Облыс құқық қорғау органдары қылмыс жасаған 3716 адамды анықтап, оның 2257-сі қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Қылмыс жасағандардың басым көпшілігі, яғни 73,6 пайызы әйелдер болса, 10,9 пайызы - әйелдер, 9,1 пайызы - кәмелетке толмағандар.
Өңірде орта есеппен әр төртінші қылмыскер өз әрекетін мас күйінде, әр үшіншісі топ құрамында жасаған.
Облыста қасақана кісі өлтіру 29,5, ауыр дене жарақатын салу 1,6, есірткі қылмысы 2,2 пайызға азайғанымен, есесіне орта дәрежелі дене жарақатын салу 30,4, өзгенің мүлкін ұрлау 38,6, меншікке қарсы қылмыс 20,4, бұзақылық 46,0, қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыс 24,8 пайызға көбейіп кетіп отыр.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).