Өңірде қылмыстан келген шығын 9,2 млрд. теңгеге жетті, мұның дені экономикалық қызмет үлесіне тиіп отыр

None
ОРАЛ. Мамырдың 20-сы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында биылғы төрт айда тергелген қылмыстар бойынша анықталған шығын көлемі 9,2 млрд. теңгеге жетті, мұның 97,6 пайызы экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар үлесіне тиеді.
Облыстық статистика департаментінен ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, жыл басынан бері құқық қорғау органдары қылмыс жасаған 989 адамды анықтап, 748-і қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Қылмыс жасағандардың 10,3 пайызы әйелдер болса, 10,6 пайызы ? кәмелетке толмағандар. Жалпы, жыл басынан бері өңірде 1644 қылмыс тіркелді, бұл өткен жылғы төрт айдағыдан 7,3 пайызға аз.