ОРАЛ. Қаңтардың 19-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында 2008 жылы 32585,6 млн. теңгенің мұнай өнімдері өндірілді.
Облыс әкімдігінен ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, бұл алдыңғы жылғыдан 21,4 пайызға артық. Бір жылда 453,1 мың тонна дизель отыны мен 5,2 мың тонна отын мазуты шығарылды, бұл тиісінше 20,8 және 5,8 пайызға көп. Сондай-ақ облыста 4319,6 млн. теңгенің басқа металл емес өнімдері өндірілді, бұл 3,2 пайызға жоғары.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).