Өңірде орташа жалақы 65 мың теңгеден асты

None
ОРАЛ. Мамырдың 18-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында бір қызметкердің орташа жалақысы 65252 теңгеге жетті.Облыстық статистика департаментінен ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, ірі және орташа кәсіпорындардағы орташа жалақы мөлшері 69109 теңгені құрады.
Ең көп еңбекақы құрылыс саласында, мұндағылар орта есеппен 150 587 теңге табады. Жылжымайтын мүлік операцияларымен жұмыс, жалға беру және тұтынушыларға қызмет көрсету саласында ? 96805, өнеркәсіпте ? 90776, қаржы қызметінде ? 86109, көлік пен байланыста ? 81922 теңге. Ең төменгілер қатарында ауыл шаруашылығы, аң және орман шаруашылығы ? 34451, балық шаруашылығы және басқа қызмет түрлері ? 32457 теңге.