Өңірде өрттен келген шығын 89,4 млн. теңгені құрады

None
ОРАЛ. Мамырдың 14-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында биылғы төрт айда 185 өрт оқиғасы тіркеліп, одан келген шығын 89 млн. 444 мың теңгені құрады.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, электр сымының қысқа тұйықталуынан 41 рет өрт шықса, тұрғындардың отпен абай болмауынан 59 оқиға орын алды. 32 қасақана от қою тіркелді. Өткен жылы осы кезеңде 217 өрт оқиғасы болып, шығын 104 млн. 131 мың теңгеге жеткен болатын. Биыл сондай-ақ жарақаттанғандар мен мерт болғандар саны да сәйкесінше 14-тен 8-ге және 6-дан 3-ке азайып отыр.