ОРАЛ. 25 қаңтар. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында спорттың бадминтон түрі өріс алатын болады. Бұл туралы Орал қаласында өткізілген оқыту семинарында айтылды.
Өткен жылы желтоқсан айында құрылған «БҚО бадминтон федерациясы» қоғамдық бірлестігінің қатары осы спорт түрімен айналысатын шеберлермен де, әуесқой адамдармен де толығып келеді. Қоғамдық бірлестіктің атқарушы директоры Бекет Балықовтың сөзіне қарағанда, бадминтон өңірде дами қоймағанмен, оның бірқатар артықшылықтары бар. Яғни спорттық жабдықтары аса қымбат емес.
Облыс әкімінің орынбасары Берік Толымбаев федерация президенті болып сайланса, «Конденсат» компаниялар тобы қолдау білдірді. Оқыту семинары барысында ойын түрлері көрсетіліп, шара өткізілген №7 орта мектепке бадминтон жабдығы тарту етілді.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).