ОРАЛ. Маусымның 16-сы. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында биылғы маусымның 1-іне дейін жұмыспен қамту органдарында есепке тұрған жұмыссыздар саны 2410 адамды құрады, бұл өткен жылғыдан 34,1 пайызға кем.
Облыстық статистика департаментінен ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, ауылдық жерде 1663 жұмыссыз тіркеліп, 24,6 пайызға азайды. Жұмыссыздардың 61,7 пайызы - әйелдер, бұлардың да қатары 36,7 пайызға немесе 863 адамға қысқарды.
Биылғы бес айда 9241 адам жұмысқа орналасу жөнінде өтініш білдірген, бұл өткен жылғыдан 23,7 пайызға көп. 463 адам кәсіби біліктілігін көтеруге жіберілсе, 3646 адам қоғамдық жұмыстарға қатысты.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).