Өңірдегі құтқарушылар Шығыс Қазақстан облысына аттандырылуда
«Қардың күрт еруі салдарынан болған су тасқыны зардаптарын жоюға, сондай-ақ авариялық-құтқаруды жүргізуге және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды орындау үшін Алматы облыстық ТЖД-ның жеке құрамы Шығыс Қазақстан облысына аттандырылды. Құтқарушылар 15 мотосорғы, резина қайықтар, сүңгуір киімі мен альпинистік жабдықтар, спутник телефондары, GPS навигаторлар мен трекерлермен жарақтандырылған», - делінген хабарламада.
Білікті құтқарушылар межеленген жерге жол таңдамайтын техникамен аттанды.
Соңғы дерек бойынша Прогресс, Белоусовка, Предгорное және Глубокое кентіндегі 176 үйге арнасынан асқан өзен суы кіріп кеткен.