Өңірлер белсенді түрде су үнемдеу технологияларын енгізуі тиіс – Премьер-Министр

Фото:
АСТАНА. ҚазАқпарат – Климаттың өзгеруі мен су тапшылығы ауыл шаруашылығы үшін үлкен қауіп-қатерге айналып отыр. Үкімет отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов аталған мәселеге қатысты алаңдаушылық білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Климаттың өзгеруі мен су тапшылығы ауыл шаруашылығы үшін үлкен қауіп-қатерге айналып отыр. Сондықтан, су ресурстарын тиімді пайдалануды күшейту бойынша Жол картасын әзірлеу қажет. Өңірлер белсенді түрде су үнемдеу технологияларын енгізуі тиіс. Сондай-ақ қазіргі жағдайда жемшөп дайындауға ерекше назар аудару қажет», - деп Үкімет мүшереліне тапсырма жүктеді Әлихан Смайылов.

Қоса кетсек, бүгін Үкімет отырысында баяндама жасаған Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев су тапшылығына байланысты дақыл егілген 7,8 мың гектар алқап зардап шеккенін айтты.