Оған сәйкес, өңір жасыл аймақта болып, бірақ «R» саны жоғары болса, жабық орындар мен қоғамдық көлікте маска тағу ұсынылады.
Өңір сары аймаққа ауысқан жағдайда:
- науқаспен байланыста болғандарды қашықтан жұмыс істеуге ауыстыру;
- COVID-19 жұқтырған науқаспен байланыста болған вирусқа қарсы екпеге қарсы көрсетілімдері бар қызметкерлерді қашықтан жұмыс істеуге ауыстыру;
- білім беру ұйымдарында топтарды біріктіре отырып, іс-шараларды өткізбеу (топтарда іс-шараларды өткізуге рұқсат етіледі);
- объектілерде санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтау, объектілерде үй-жайларды күнделікті ылғалды жинау және желдету.