«Облыстардың, Астана мен Алматы қалалары әкімдерімен бірлесіп діни экстремизмнің және лаңкестіктің алдын алу мәселелері бойынша коммуналдық мемлекеттік мекемелерді құру тұрғысында жұмысты жалғастыру керек. Бұл жөнінде арнайы қаулылар мен құжаттар қабылданды», - деді Г. Әбдіқалықова ҚР Дін істері агенттігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде. Сонымен қатар вице-премьер діни деструктивті ұйымдардың әркетінен зардап шеккендерге кеңес беру, психологиялық көмек көрсету бойынша «Қауырт желі-114» республикалық ақпараттық кеңес орталығын халыққа кеңінен насихаттау керектігін жеткізді. «Жалпы алдағы уақытта агенттіктің қызметі Мемлекет басшысының дін саласына қойған стратегиялық мақсаттары мен міндеттері сапалы орындалуға бағытталуы тиіс. Бұл жөнінде бірігіп жұмыс істейміз деп ойлаймын», - деп түйді Үкімет басшысының орынбасары.
13:00, 03 Ақпан 2014
Өңірлерде лаңкестіктің алдын алу мәселелері бойынша КММ-ді құру жұмыстарын жалғастыру керек - Г. Әбдіқалықова
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Үкімет басшысының орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова «Қауырт желі-114» республикалық ақпараттық кеңес орталығын халыққа кеңінен насихаттауды тапсырды.