«Барлықтарыңыз да білесіздер, таяуда ғана қайғылы жайт орын алды. Экипаж, дәрігерлер мерт болды. Осы қайғылы оқиға санитарлық авиация саласында қордаланған проблемалардың бар екендігін білдіреді», - деді Үкімет басшысы.
Премьер-Министрдің пайымынша, елімізде ескі ұшақтар пайдаланылуда және ұшу қауіпсіздігі сақталмайды.
«Өңірлерде әуе кемелерін тәулік бойы қабылдау үшін жағдай жасалмаған. Салдарынан жоғары білікті мамандар мен қатар ауыр науқастардың өміріне қатер төнеді. Осыған байланысты Денсаулық сақтау, Инвестициялар және даму, Ішкі істер министрліктеріне және мүдделі мемлекеттік органдарға бұл оқиғаны тыңғылықты тергеуді тапсырамын», - деді Бақытжан Сағынтаев.
Сонымен қатар ол еліміздегі санитарлық авиация паркіне тексеру жүргізуді, әуе кемелерімен тасымал жасауға талаптарды күшейтуді тапсырды.