Өңірлерде жұмыс орындарының бірыңғай базасы болады

АСТАНА. ҚазАқпарат – Өңірлерде жұмыс орындарының бірыңғай базасы болады. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мүгедектік медициналық мекемелерге міндетті түрде бармай-ақ және растау алмай-ақ, проактивті түрде белгіленетін болады. Қорытындыны тәжірибелі дәрігерлерден құралған тәуелсіз сарапшылар береді. Балалы отбасыларды қолдау үшін Алтын алқа, Ана даңқы және «Батыр Ана» наградаларымен марапатталған аналарға төленетін жәрдемақы мөлшері сараланды», - деді Премьер-Министр.

Үкімет басшысының дерегінше, еліміз бойынша 90 мыңға жуық ана жоғары жәрдемақы алады.

«Жаңа Әлеуметтік кодекске сәйкес Еңбек ұтқырлығы орталықтары құрылуда. Өңірлерде жұмыс орындарының бірыңғай базасы болады. Бұл жұмыс іздеу процесін жылдамдатады», - деді Әлихан Смайылов.