Оған сәйкес, «қызыл» аймақта Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары мен Батыс Қазақстан облысы тұр.
«Сары» аймақта Ақмола, Ақтөбе Алматы, Атырау және Қарағанды облыстары орналасқан. Қалған өңірлер – «жасыл» аймақта. Бұдан бұрын хабарланғандай, өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус инфекциясына оң нәтие көрсеткен 1101 науқас анықталды. Олардың ең көп саны Алматыда (395) және Нұр-Сұлтанда (161). Сондай-ақ, бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі бүгінгі таңда Қазақстанда коронавирустан 21888 адам ем алуды жалғастырып жатқанын хабарлады.11:46, 23 Наурыз 2021
Өңірлердегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау: Қай өңірлер «қызыл» аймақта тұр
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Коронавирус инфекциясы бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасының 23 наурыздағы мәліметтері жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.