«Өңірлік бөліністе экономиканың барлық дерлік салаларында оң өсім байқалады. Енді өңірлердің даму серпіні бойынша 16 аймақтың орнына 17 өңірде бақылау жүргізілетінін айта кеткім келеді. Өнеркәсіпте 3 өңірден басқа (Батыс-Қазақстан (-1,4%), Түркістан (-3,9%) және Қызылорда (-4,7%) барлық өңірлер өсім көрсетіп отыр. 8 өңірде 1,2 пайыздан 4,6 пайызға дейін өсе отырып, республикалық мәннен (5,2%) төмен тіркелген (Маңғыстау, СҚО, Астана, Қарағанды, Шымкент, Алматы, Павлодар)», - деді ол.
Министрдің айтуынша, ауыл шаруашылығында барлық өңірлер өсудің оң үрдісін сақтап қалды. Алайда 7 өңір республикалық деңгейден (4,0%) төмен қарқынды көрсетті. Атап айтқанда Атырау, Қызылорда, Алматы, БҚО, Қарағанды, Ақмола, СҚО-да өсім 2,5-тен 3,6 пайызға дейін болып отыр.
«Құрылыс бойынша Астана мен Атырау қалыс қалуда. Бұл ретте Астана қаласындағы ахуал өткен аймен салыстырғанда жақсарып, теріс мән -22,8 пайыздан -11,2 пайызға дейін қысқарды. Инвестициялар бойынша барлық өңірлерлерде инвестициялық жағдайдың жақсаруы байқалады. Ағымдағы жылғы алты айдың қорытындылары бойынша плюстік аймаққа Маңғыстау мен Павлодар облыстары тиісінше 6,0 пайыз және 2,0 пайыз өсіммен шықты», - деді Тимур Сүлейменов.