Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметінен хабарланды.
Атап айтқанда, Экономикалық даму және сауда министрлігі Өңірлік даму комитетінің төрағасы лауазымына Серік Мақашұлы Жұманғарин тағайындалды. Бұған дейін ол Өңірлік саясат және бюджетаралық қатынастар департаментінің директоры қызметін атқарып келген.
Серік Жұманғарин бұған дейін Индустрия және сауда министрлігі Сауда комитеті төрағасының орынбасары, «Қазақстандық келісім-шарт агенттігі» АҚ-ның Басқарма төрағасының орынбасары, «Жергілікті қамтуды дамытудың ұлттық агенттігі» АҚ-ның Басқарма төрағасының орынбасары, сондай-ақ 2012 жылдың наурызынан бастап Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі Өңірлік саясат және бюджетаралық қатынастар департаментінің директоры секілді қызметтерді атқарып келген.
Сондай-ақ, Өңірлік даму комитеті төрағасының орынбасары болып Төлеген Қабыкенұлы Закарьянов тағайындалды.