Өңірлік даму министрі «Ақ Бұлақ» бағдарламасы кешеуілдеп орындалып жатқанын мойындады

None
АСТАНА. 26 желтоқсан. ҚазАқпарат - ҚР Өңірлік даму министрі Болат Жәмішев халықты ауызсумен қамтамасыз етудің «Ақ Бұлақ» мемлекеттік бағдарламасының орындалуы кешеуілдеп жатқанын мойындады.

Оның ақпараты бойынша, биыл ауызсу бағдарламасы аясында жалпы көлемі 83 млрд. теңге болатын 304 жоба жүзеге асырылуда. Бағдарламаның басты мақсаты - 2020 жылы 80 пайыз ауылды және барлық қалаларды сумен жабдықтау көзделуде.

«Биылғы жылдың қорытындыларын алатын болсақ, бағдарламаны жүзеге асыру қарқыны бойынша біз кешеуілдеп отырмыз. Алайда министрлікте осы бағдарлама аясында жасалатын жұмыстарды ұйымдастырудың жолдары қайтадан қаралып жатыр», - деп атап өтті Б.Жәмішев.