Онлайн-ресурс дизайнын әзірлегенде озық технологиялық жетістіктер пайдаланылды, сонымен қатар Қазақстан Республикасы мемлекеттік құрылымдарының ресми веб-сайттарын рәсімдеуге байланысты мемлекеттің ішкі міндетті талаптары ескерілді, деп хабарлады Өңірлік даму министрлігінің баспасөз қызметінен.
Сайтты пайдаланушылар өздерінің сұрақтарын қоюға, оларға жауап алуға, сонымен қатар веб-сайт контентін толықтыруға жағдай жасауға мүмкіндік алып отыр. Сондай-ақ министрліктің аптадағы негізгі жаңалықтарын, қажетті ақпараттық-анықтамалық материалдарын біліп қана қоймай, сонымен қатар ой-пікірлерін және ұсыныстарын қалдыра алады. Бұл үшін «Бүгінгі күн сауалы» атты арнайы бөлім бар, ол жерде сайтты пайдаланушылар ескертулерін қалдырып, сұрақтарын қоя алады. Оларға міндетті түрде жауаптар беріледі.
Пайдаланушылар сайттың iOS, Android сияқты ұялы-ұтқыр құрылғыларын қолдана алады. Ал технологиялық тиімділігі - олардың қызметін едәуір жеңілдететін ақысыз ақпараттық қамсыздандыру. Сайттың эксклюзивті жаңалық таратуы e-direct қағидаты бойынша жеткізілмек.
Министрлік сайтының контентін тарату үшін толық арада әлеуметтік желілердің мүмкіндіктері қолданылатын болады, олар: твиттер- трансляциялары, блог-турлар, топтардағы талқылаулар, әлеуметтік желілердегі онлайн-трансляциялар және т.б.
Сонымен қатар жеке бейне блогтарды құру, республика облыстарындағы Елбасының тапсырмаларын іске асыру барысы туралы жүйелі түрде ақпараттық қамтамасыз ету қарастырылып отыр.
Жалпы, ҚР Өңірлік даму министрлігінің сайты мынадай келесі мақсатты көздейді: мемлекеттік органның, ғаламторды пайдаланушы және БАҚ өзара тиімді іс-қимыл жасауына жағдай жасау, сонымен қатар, министрліктің әзірлеген бағдарламаларын іске асыруға бағытталған іс-шараларды толықтай жарыққа шығаруға жағдай жасау.