Бұл туралы бүгін BNews.kz порталында өткен оnline-конференцияда вице-премьер-индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Республикалық индустрияландыру картасына 101 жоба, ал жергілікті жерлерде бекітілетін өңірлік индустрияландыру картасына 136 жоба еніп отыр. Өңірлік индустрияландыру картасын жергілікті билік органдары ағымдағы жылдың мамыр айында бекітетін болады», деді Ә. Исекешев.
Осы орайда вице-премьер биыл индустрияландыру бағдарламасы аясында 144 жобаны іске қосылатынын еске салып өтті. «Бұл жобалар бойынша апта сайын өңірлермен селекторлық режімде қыруар жұмыстар жасалып жатыр. Барлық әкімдіктер айтарлықтай белсенді жұмыс істеуде. Әрине, жобалардың пайдалануға берілетін мерзімінің, кестелердің кейінге ысырылауына, жобалардың алмастырылуына қатысты проблемалар бар. Бірақ, бұған жол беруге болмайды. Ал, жалпы тұтастай алғанда біз биыл 144 жобаны толық іске қосатынымызға сенімдіміз», деді Ә. Исекешев.