Өңірлік онкодиспансерлерде 19 химиялық терапия кабинеттері ашылады

АСТАНА. 4 қыркүйек. ҚазАқпарат - Өңірлік онкодиспансерлерде 19 амбулаториялық химиялық терапия  кабинеттері ашылады, деп хабарлады ҚР Денсаулық  сақтау министрлігінің баспасөз қызметі Pm.kz сайтына.

«Үстіміздегі жылы  өңірлік онкодиспансерлерде 19 амбулаториялық химиялық терапия  кабинеттері ашылады», - делінген ведомство хабарларында.

Шығыс Қазақстан облысында қуық безі қатерлі ісігіне скрининг, колоректалды қатерлі ісігіне гемокульт-тест  жасау жөніндегі ілкі жобалар енгізілуде. Өңірлер онкологиялық науқастарды стационарлық деңгейде емдеу үшін дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілуде.

Сондай-ақ медқызметкерлердің, онколог-дәрігерлердің  біліктілігін көтеру және Қазақ ұлттық  онкология және радиология институтын медқондырғылармен жабдықтау жұмыстары да жүргізілуде.

Аталған шаралар ҚР-да Онкологиялық жәрдемді дамытудың 2012-2016 жылдарға арналған  бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылуда. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ақпарына қарағанда  2013-2015 жылдары бағдарламаны жүзеге асыру үшін жалпы 103,5 млрд теңге бөлінсе, 2013 жылға оның 29,3 млрд теңгесі тиесілі.