Г.Онищенконың айтуынша, 29 және 50 жастағы екі әйел қайтыс болған, олардың біреуі айы-күні жетіп отырған жүкті әйел болған. Дәрігер бар күш-жігерлерін салғанымен, баланы аман алып қала алмады. «Екі әйелдің A/H1N1 диагнозы қуатталды, екеуінің де өкпесі қабынған болып шықты»,- деп мәлім етті Г.Онищенко.
Бұл - вирустың аталмыш штамынан қайтыс болудың Ресей аумағында ресми тіркелген алғашқы оқиғалары.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтеріне сүйенсек, қазанның 16-сындағы жағдай бойынша әлемде А (H1N1) вирусын жұқтырудың зертханалық расталған оқиғасы 387 мыңнан асады, оның ішінде 4 мың 820 оқиға кісі өлімімен аяқталған.